Кеше Зашаған кентіндегі «Жазира» ауданында қоғамдық көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Полицейлердің айтуынша, оқиға кешкі сағат 20.30-да Жәңгірхан көшесіндегі «Феникс» дүкеніне маңында болған. №5 бағыттағы автобусты тізгіндегін 1985 жылғы жүргізуші 1966 жылы туған ер азаматты қағып кеткен. Жол апаты нәтижесінде азамат алған жарақаттарынан сол бойда тіл тартпай кеткен. Қазір полицейлер тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.