0:00 / 0:00
Бүгін «Нұр Отан» партиясы Батыс Қвазақстан облыстық филиалы «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Достық үйінде» «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашты. Бұл партияның Қазақстан халқы ассамблеясымен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес қолға алынып отырған игі шаралардың бірі. Орталықтың негізгі мақсаты қазыналы қарттарымыздың тұрмыстық жағдайларын жақсартуға, әлеуметтік белсенділігін дамытуға, бос уақыттарын қызығушылықтарына қарай тиімді өткізуге сондай-ақ, оларды қоғамдық өмірге тарту арқылы қарым-қатынас жасау үшін қосымша жағдайлар жасауды көздейді. Енді зейнеткерлеріміз «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында аталмыш орындарда тегін және тұрақты түрде спортпен айналысуына болады. Орталықтың ашылуына облыстың ардагерлері мен зейнеткерлері, этномәдени бірлестік өкілдері белсенді жастар қатысты. Елімізде 2,5 млн зейнеткер болса, оның 82 мыңы Ақжайық өңірінің тұрғындары.