Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ломбардқа талап күшейді

c 18:13, 19/02/2019 c 698

0:00 / 0:00

Полиция қызметкерлері ломбард иелерін бірге жұмыстануға шақырады. Өзгеріске ұшыраған заңға байланысты қос тарап қоян қолтық жұмыстану тиіс. Қазіргі таңда ломбардқа әкелген бұйымдың бірін қалдырмай суретке түсіру қажет. Егер бұйымды тапсырған уақыттан кейін, оны ешкім іздеп келмесе ломбардтың өкілдері полицияға хабар беруі тиіс.

Азаматтардың басым көпшілігі ломбардтарды қолды болған заттардың ордасы деп есептейтіні жасырын емес. Ертеректе, аталмыш мекемелер барлық тұрмыстық техниканы қабылдаған еді. Алайда, қазір техниканы ломбардқа тапсыру үшін, оның ұрланбағанын дәлелдеу үшін тиістіқұжаттарды көрсету керек. Ал алтын бұйымдарының қолды болмағанын дәлелдеу қиынға соғып отыр.

Қаламыздың аумағында орналасқан ломбард иелерінің басын қосқан жиында сөз алған полиция қызметкерлері өзгеріске ұшыраған заңнамалар өзгенің мүлкін қолды болуына тосқауыл болу үшін енгізілгендігін тілге тиек етті. Қазіргі таңда, ұрлықтың саны айтарлық өскен.

Өзгеріске ұшыраған заңнама барлық дерлік ломбард иелерінің көңілінен шықпай отыр. Жиын барысында бір айдан кейін ломбард иелері полиция қызметкерлеріне фотосуретті жібермей, қолды болған бұйымның суретін құқық қорғаушылар жіберсін деген ұсыныс айтылғанды. Алайда, бұл ұсыныс қолдау таппады. Полиция қызметкерлері бұл шешімдерін заң талаптарының баршаға ортақтығымен түсіндірді.

Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.