0:00 / 0:00
Облыс көлемінде жастарды қолдауға арналған "Жас прожек" жобасы іске аспақ. Еліміздің өзге өңірлерінде аталмыш жоба 2017 жылдан басталған. Қазақстанның түрлі аумағында іске асқан бастама жұмыссыз және ауыл жастары ұсынған бастамаларға берілмек. Жастардың іскерлігін дамытуға арналған жоба аясында 1 млн теңге болатын қайтарымсыз грант ұтып алуға болады.
14 пен 29 жас аралығындағы азаматтарды қолдауға арналған "Zhas Project" жобасы жүзеге аспақ. Аталмыш жоба еліміздің алты өңіріндегі жастарды қолдауға бағытталған. Яғни, жаңа бастама аясында үш-бес адамнан құрылған топ 1 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа ие бола алады. Жастарды қолдауға бағытталған жоба жұмыссыз жүрген және ауыл жастарының ұсыныстарына басымдық бермек. Яғни, жастар топ құра отырып, әлеуметтік тұрмысы ақсап тұрған жандарға қол ұшын беруі тиіс.
Жастарды қолдауға арналған жобаның еліміздің аумағында 2017 жылдан басталған. Шара аясында 1600-ден астам жаңа бастамаға жүзеге асып, 5500-ден астам қатысушы ат салысқан. Десек те, грантқа ие болған жандардың арасында жауапкершілікті ұмыт қалдырған азаматтар да болыпты. Жобаны дамытпай, әлеуметтік салаға қол ұшын созбаған жастар сот алдында жауапқа тартылып, қаржыларын қайтарып берген. Сала мамандары қайтарымсыз грантты алған жастар қаражатты қалай жұмсағандықтары үшін тиісті есепті тапсырып отырады,- дейді.
Баспасөз мәслихатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары қажетті жобаның тиімді тұстарын жіпке тізіп, ел ертеңі жастарға арнайы үндеу жариялады.
Жобаға қатысам деген азаматтар 15-ші наурыз бен 15-сәуір аралығында
құжаттарын тапсыра алады. Игі бастаманың қорытындысы мамыр айында белгілі болмақ.