Шаһар басшысы облысқа қарасты он екі аудан әкімдерінен соң есеп беру эстафетасын қабылдап, бұқара халық алдында атқарған жұмыстарын баяндады. Өткен жылы қала бюджеті 41,4 млрд теңге көлемінде қорытындыланыпты. Қыруар қаржының 39 пайызы білім беру, 24 пайыз құрылыс саласына жұмсалса, тұрғын үй шаруашылығы 21 пайызға ие болған. Сондай-ақ, облыс орталығында 56 ауылшаруашылық субьектісі тіркеліпті. Олардың баршасы делік 174 млн теңгені құрайтын мемлекеттің қолдауына ие болған. Әкім есебінде әлеуметтік салада атқарылған жұмыстарды да жіпке тізген еді. Өткен жылы екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандарға арнап 8 бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырыпты. 2018 жылы 5300 оралдық жұмыспен қамтылған.