0:00 / 0:00
Қаламызда алғаш рет әртүрлі санаттағы мүмкіндгі шектеулі балалар арасында шаңғымен жүгіруден қалалық жарыс өтті. «Динамо» спорттық базасында өткен спорттық додаға ауа- райының суықтығына қарамастан, 40 тан аса салауатты өмір салтын ұстаған балалар қатысты. Аяқтарына шаңғы байлап алаңға жиналғандардың бәрі де көңілді. Мамандардың айтуынша мұнда олар тек бір-бірінің күшін сынап қана қоймай, жаңа достар да тауып, рухани дами түседі.Бұл күнгі жарысты қалалық дене шынықтыру бөлімінің қолдауымен, Орал спорттық кешенінің ұжымы ұйымдастырды. Ұлдар -1500 метр, ал қыз балалар -800 метр қашықтықта сынға түсті. Шаңғы жарысына бағын сынаушылардың ішінде бұған дейін чемпион атанғандар да бар. Солардың бірі - Айлуна есімді қыз бала.Жарыс қорытындысы бойынша Мейрамбек Аманша, Айбол Арыстанов, Дина Иржанова, Актілек Душева, Нұрқайыр Еркіновтер үздіктер қатырынан табылды. Тағдырдың сынынан сүрінбей өтіп, қоғамда өз орнын таба білгендер ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтармен марапатталды