0:00 / 0:00
БҚО Қаратөбе ауданында бір жылдың ішінде 396 жұмыс орыны ашылған.Бұл жұмыс орындарыны ңашылуына ауданда дамып отырған шағын кәсіпкерлік насындары себеп болып отыр.жаңадан ашылған жұмыс орындарынан мүмкіндігі шектеулі жандар да қалыс қалмай 25 адам жұмысқа орналастырылған.Қаратөбе ауданында былтыр 14 үй пайдалануға берілген.Халықты баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар алда да жалғаса береді.Қазіргі таңда тұрғын үй салуға арналған жерлерге инженерлік желілер тарту жұмыстары жүріп жатыр.Ауданда кәсіпкерлік саласы да қарқынды дамыған.2018 жылы ауданда мейрамханалар салынып бүгінде олардың бәрі халыққа қызмет етіп тұр.Ауданда атқарылған басқа жұмыстар атуралы аудан әкімі былай деді.
Қаратөбе ауданында мал шаруашылығы жақсы жолға қойылған.Бүгінде аудан бойынша 14 ШҚ асыл тұқымды ірі қара малын өсіріп отыр.98 бас асыл тұқымды жылқы малын өсіріп отырған қожалықтар да бар.Қаратөбе ауданында ет экспорттау мәселесі жолға қойылған. Былтыр аудан бойынша 64 тонна сыйыр еті экспортталыпты.
Аудан халқын таза ауыз сумен қамту мәселесі де күн тәртібінен түскен емес. Былтыр Қаратөбе су қоры көзінен Шөптікөл, Үшағаш, Соналы, Сулыкөл, Үшана елді мекендеріне су жеткізілген.Қаратаөбе ауданында электр сымдарын ауыстыру жұмыстары да назардан қалмаған.Қаратөбе ауданы бойынша 5 ауылда электр бағаналары жаңартылыпты.Қаратөбе ауданы әкімінің есебіне қатысқандар қоқыс қалдықтарын тасымалдау мәселесін көтерді.Ауданда қоқыс шығару жолы негізі бір жүйеге түскен.
Аудан әкімінің есебіне қатысқан БҚО әкімінің бірінші орынбасары ауданда атқарылған жұмыстарға жоғары баға берді.
Ауданда цифрландыру бағдарламасына сәйкес ауыл әкімдіктерінің қызметкерлері толықтай оқытылып, қажетті техникалармен қамтамассыз етілді деді аудан әкімі өз есебінде.