0:00 / 0:00
БҚО Сырым ауданында су тарту жұмыстары қарқын алмақ.Аудан халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында атқарылар жұмыстар туралы есеп берген аудан әкімі Төлеген Төреғалиев осылай деді.Атап айтсақ 2019 жылы Сырым ауданы бойынша 10 шақты елді мекен таза ауыз сумен қамтылады.Бұдан бөлек тұрғындарға қажетті баспана салу ісі де биыл қолға алынады.Сырым ауданы 99 пайызға көгілдір отынмен қамтылған аудан.Қазіргі сәтте аудан халқы үшін күрделі мәселе бұл ауыз су мәселесі.Енді бұл мәселе де күн тәртібінен түсетін уақыт жақын.Биыл Шағырлыой, Қособа,Жырақұдық,Бұлан және Жамбыл ауылдарын су тарту көзделіп отыр. Ол үшін бюджеттен 2,4 млрд қаржы керек.Бұл ауылдарға су тарту жұмыстары Жымпиты - Кеңащы су құбырынан жүргізіледі.Бұдан бөлек те жоспарда жұмыс көп.
Халықтың әл ауқатын арттыру Елбасы көздеген міндет ал, ол міндетті жергілікті жерлерде әкімдер атқарады. Осы бағытта тұрғындарды баспанамен қамту үшін Сырым ауданының орталығынан 3 қабатты үй салынады деп жоспарланып отыр.Ал Алғабас ауылынан 1 пәтерлік 10 үй салынады.Бұл үйлердің бәрі баспанаға мұқтаж жандарға беріледі.
Аудан ішіндегі жолдардың жөнделуі, азаматардың кәсіпкерлікке тартылуы бағытында да атқарылып жатырған шаруалар шаш етектен.
Сырым ауданы бойынша ауыл шаруашылығы соның ішінде мал шаруашылығы саласы да қарқынды дамыған сала.Бүгінде аудан бойынша 18 шаруашылық асыл тұқымды жылқы өсіруді қолға алған.Ауданда "Жібек жолы" ШҚ 25 бас ірі қара сою пунктін іске қосуды көздеп отыр. Ауданда кәсіпкерлік саласы да қарқынды дамыған сала. Аудан халқы қазіргі сәтте үлкен автокешеннің ашылу салтанатын асыға күтіп отыр.Тоғыз жолдың торабында орналасқан аудан үшін бұл үлкен табыс көзі болары сөзсіз. Аудан әкімінің есебіне қатысқан тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып жауап алды.
Аудан тұрғындары әкім есебіне жоғары баға беріп, алда атқарылар жұмыстарға табыс тіледі.