Оралда пропан және оттекті баллон сақталған қойма өртенді. Полевая 1/2 мекенжайындағы «KazConstructionGroup» ЖШС аумағындағы автожуу нысанының шатыры мен металл құрастырмалы қоймалар өртенген.БҚО ТЖД мамандарының хабарлауынша, өрт туралы хабарлама сағат 16.05-те түскен. Оқиға орнына 21 техника шығарылып, 89 қызметкер жұмылдырылды. Жалын жалпы 280 шаршы метр аумақты шарпыды. Қоймалардан 49 баллон шығарылған. Олардың 15-і оттекті, 34-і пропан баллондар. Абырой болғандар зардап шеккендер жоқ.