Атауы өзгерген Бәйтерек ауданында өткен жылы атқарылған жұмыс көп. Аудан халқының 97 пайызы көгілдір отынмен қамтылған. Өткен жылы Бәйтерек ауданына қарасты 35 шақырымдай тас жол жөндеу көргеніпті. Биыл мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында Переметный ауылының 14 көшесі жөнделмек.
Өткен жылы Бәйтерек ауданына қарасты Дариян ауылында 300 орындық және 100 орындық интернаты бар мектеп бүлдіршіндердің пайдалануы үшін табысталған. 2018 жылы ауданға 60 жас мұғалім келіп, қазіргі таңда олар ауыл балаларын оқытуда. Бәйтерек ауданы 79 пайызға таза ауыз сумен қамтылған. Үш ауыл таза суды тасымалдап ішіп отыр. Биылғы жылы таза ауыз сумен қамту үшін бірқатар жобалар қолға алынбақ. Сондай-ақ, биылғы жылы аудан көлемінде тұрғын үй салу ісі басталмақ.
Азаматтардың әкімге жолдаған сауалдары әртүрлі еді. Бірі дамбаны кім қайта қалпына келтіретінін сұраса, енді бірі жер телімдерінің беріуін сынға алды. Алайда, осы жиынға арнайы Жымпитыдан келген Мадина Сұлтанова есімді азаматша әкімнен үй сұрап, баспана кезегін сынға алды. Оның қызы 6 баланың анасы көрінеді. Алайда, көпбалалы анасы біреудің жалдамалы пәтерінде жан бағып отыр.
Аудан халқының тұрғындарын абаттандыру мәселесі толғандырады. Мәселен, Макаровтың жастары ауылдың аумағында ағаш отырғызу үшін көмек сұрады.
Биыл Бәйтерек ауданында мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында 3 жоба іске аспақ.