0:00 / 0:00
ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары БҚО ПД ұжымымен кездесті.Соңғы шыққан заңдарды талқылап, Елбасы жолдауынан туындайтын міндеттерді түсіндіру мақсатында облысымызға іссапармен келген депутаттар полиция қызметіне қатысты біраз мәселені тілге тиек етті.Жиын барысында полиция департаментнің қызметкерлері көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Елбасы құқық қорғау оргындарының алдына үлкен міндеттер қойып отыр.Соның ішінде қылмыстық істерді электронды жүргізу, полиция қызметінің ашықтығы мен халықтың полицияға деген сенімі. Кез -келген істі электронды жүргізу үшін қажетті техника керек екені сөзсіз.Бұл бағытта бюджеттен 200 млн қаржы бөлініпті.
2018 жылы полиция өкілдері 340 қылмыстық істі электронды фарматта жүргізіпті. Соның ішінде 232 қылмыстық іс аяқталған. Кездесуге келген депуттар полиция жұмысын одан әрі дамыту бағыттары турал сөз қозғады.
Жиын барысында полиция өкілдері депутаттарға сұрақтарын қойды.Көбіне қоғамдық тәртіпті қадағалау, қоғамдық орындардағы қылмыстың алдын алу мәселесі сөз болды.