Тасқалада дене шынықтыру кешені салынады. Бұл туралы өзінің есебінде аудан әкімі мәлімдеді. Бұқара халық алында есеп берген Алдияр Халелов атқарылған жұмыстарды жіпке тізіп, биылғы жоспарларымен бөлісті. Әкімнің сөзіне сенсек, аудан көлемінде 320 адамға арналған арнайы дене шынықтыру кешені салынбақ. Бұл нысанның құжаттары облыстық құрылыс басқармасына жолданған. Кешеннің құрылысының жалпы құны 706,5 млн теңге. Сондай-ақ, Шежін, Ы. Алтынсарин мен Қ. Сәтбаев атындағы орта мектептің жанынан спорттық алаңдар салынады деп жоспарланып отыр.