Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

465 км жол жөндеу жоспарлануда

c 17:03, 05/02/2019 c 870

0:00 / 0:00

Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысы бойынша автомобиль жолдарының жәй-күйі өте маңызды мәселе болып отыр. Облыс бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6 496  шақырымды құрайды. Соның ішінен асфальтбетонды жабындысымен – 2 288  шақырымы қапталған. 2014-2017 жылдары өңірдің ең маңызды мәселесі жартылай шешілді. «Жымпиты-Қаратөбе», «Ақсай-Шыңғырлау», «Чапаев-Жаңақала-Сайқын» автожолдарының телімдерін қайта жаңғыртылды.  Биыл Қаратөбе, Шыңғырлау, Жаңақала асфальтбетонды жабындысы жолдарымен облыс орталығымен қосылды. 2018 жылы 33,8 млрд теңге бөлінген қаражатқа 450 км жол жөнделген. Мәселен, өткен жылы республикалық маңызы бар «Орал-Тасқала-РФ шекарасының Озинки бағыты бойынша  100 км автожолын қайта жаңғырту жобасы аяқталды. Ал, биыл аталмыш бағыттағы жұмыстарға 8 млд теңге қаржы бөлініп, облыстың бірнеше ауданның жолдары жөндеуден өткізілмек.2019 жылы 27,6 млрд. теңге қарастырылған қаражатқа 465 км жол жөндеу жоспарлануда. Жыл ішінде жаңа және басталған жобаларды іске асыруға қосымша қаржыландыру күтулуде. Сонымен қатар, Орынбор қаласы бағытында автожолын қайта құру мәселесі бойынша жұмыстар да атқарылуда. Бүгінгі күнге «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы 144 км автожолын қайта жаңғырту» жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтау жұмыстары жүргізілуде.  Бұл жолдар 2019-2021 жылдары жөнделеді деп күтілуде.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.