0:00 / 0:00
Бұл, басынан проблема арылмайтын, 2017 жылы өртке оранып, бүгінде шатырынан су кеткен Строитель шағын ауданының 33- үйі. Аталмыш тұрғын үй өткен ғасырдың аяғында салынған. Көп қабатты тұрғын үй 68 пәтерлік. Тоғызыншы қабаттың тұрғындары шатырдан су кетеді деп дабыл қағуда. Азаматтар өз күштерімен шатырды салафанмен жауып, пәтерін аман сақтап қалу үшін амалдап отыр. Десек те, бұл шара әріге бармайтыны белгілі.
Азаматтардың мұң-мұқтажын айтып, пәтер иелер коперативіне хабарласқан едік. Пик-тің төрағасы 33-үйдің тұрғындары мардымды ақша төлемейтігін алға тартады. Мәселен, 68 пәтерлік тұрғын үй 470 мыңдай қарыз болып шықты.
Азаматтарды алаңдатқан мәселені тек тұрғын үй коммуналды шаруашылығының модернизациясы шеше алады. Яғни, азаматтар бірлесе отырып, шатыр мен өзге тозығы жеткен құбырларын алмастыра алады. Мәселен, өткен жылы тиісті бағдарламаның арқасында 125 млн теңге бөлініп, 9 үй жаңартылған. Биыл жөндеу жұмыстары үшін 134 млн теңгедей қаражат қарыстырылып отыр. 7 үй жеделсаты шаруашылығын жаңартуды көздесе, 6 тұрғын үй шатырын ауыстырмақшы.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, тұрғындарды алаңдататын мәселе азаматтардың ауызбіршілігімен өз шешімін табады. Себебі, нарық заманында мемлекет барлық дерлік шатырды жөндей алмайды, ал пик өкілдері қарамағындағы үйлердің шатырын жөндеуге құлықсыз, әрі әліміз келмейді деген түрлі сылтауын ортаға салып, жауапкершіліктен жалтаратыны тағы бар.