1 ақпан, сағат 18:30-да тәртіп сақшылары «Сити центр" сауда үйі маңынан белгісіз ер адамды есірткі тектес затпен қолға түсірген. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда ер адамның қалтасынан шамамен 60 грамм марихуана анықталған. Бүгінде оның үсітінен ҚР ҚК 297 бабы бойынша Есірткі тектес өнімдерді "Заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінде аталған азаматтың үстінен қывлмыстық іс қозғалуда. Аталмыш психотропты затты сатуы да мүмкін деген болжам бар. Өйткені жеке басына пайдалну үшін дайындалған дүниеге қарағанда мөлшері өте көп болып отыр. Деседе бұл әзірге болжам. Тергеу амалдары аяқталған соң қандай мақсатта қолда жүргені анықталатын болады.