0:00 / 0:00
Биылғы жылы "Сарыарқа" шағын ауданының 48 көшесіне жол салу жұмыстары үшін жобалық-сметалық құжаттарды жинастыру жұмыстары басталған. Бұл туралы шаһар басшысы Мұрат Мұқаев Деркөл кентінің тұрғындары алдында есеп беру кезінде мәлімдеді. Бүгінгі таңда Деркөл кентінің тұрғыны 16 мыңға жуықтайды. Ал, Көкжиек пен Сарыарқа аудандарында 7000 адам тұрады. Былтырғы жылы қаланың іргесінде орналасқан ауылда атқарылған жұмыс көп. Алайда, шешімін таппаған мәселелер де аз емес. Толығырақ, тілші материалында.
Бүгінгі таңда шаһарымыздың аумағында 51 мектеп пен 50 мемлекеттік және 40 жекеменшік балабақша бар. Биылғы оқу жылында алғаш мектеп табалдырығын аттаған оқушылардың саны 3500-ға артыпты. Жаңа мектептердің үшеуі Деркөл кентінде бой түзегендігі белгілі. Аталмыш білім ордалары кенттегі үш аусымда оқитын оқушылардың мәселесін шешіп, білім сапасын жақсартуға көмектесті. Сондай-ақ, жаңа білім беру ошақтары көптеп жұмыс орынының ашылуына жол ашты. Қалаға қарасты Деркөл, Көкжиек пен Сарыарқа ықшам аудандарында жыл санап жаңадан әлеуметтік нысан бой түзеп, жол төселіп жатыр.
Деркөл кентінің тұрғындары алдында есеп берген қала әкімі Вителки ауылының тұрғындарына жағымды жаңалықты жеткізді. Ауыл тұрғындары көп жылдан бері таза ауыз судың зардабын тартып келді.
Әкім есебін тыңдаған бұқара халық түйткілді мәселелерін ортаға салды. Қойылған сұрақтардың дені қар тазалау жұмыстарына байланысты еді. Сондай-ақ, ауыл тұрғандары күл- қоқысқа арналған контейнерлердің санын арттыруды сұрап, жол салу мәселесін көтеріп, қалаға қатынайтын маршруттардың жұмысын сынға алды. Ал, ауыл ақсақалдары Көкжиекте бой түзеген амблоторияның жұмысын сынға алды. Азаматтарға сөзінше, емдеу мекемесінде маман тапшы көрінеді.
2019 жылы Деркөл мен қос ауданның аумағында атқарылар жұмыс көп. Бірінші кезекте, дарынды балаларға арналған мектеп интернатының құрылысы жанданбақ. Сондай-ақ, ала жаздай азаматтарды алаңдататын күл-қоқыс полигоны 18 шақырым жерге көшірілетіні белгілі болды. Жаңа полигон Бәйтерек ауданының шекарасында орналасады. Өткен жылы қалалық күл-қоқыс полигонын финдік компания басқаруға алған еді. Биылғы жылы шетелдік мамандар қоқыстан қайта пайдалануы үшін білек сыбана жұмысқа кіріскен.