Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Браконьер қолынан қаза тапқан

c 23:24, 30/01/2019 c 603

Браконьерлердің қолынан қаза болған табиғат иснпекторы Ерлан Нұрғалиевтің достары елбасына үндеу жолдады. Онда инспектордың өліміне қатысты қозғалған қылмыстық істің әділ тергелуін және марқұмға ең жорғары марапат-Халық Қаһарманын беруді сұрады. Еске сала кетейік, қаңтардың 13 күні Қарағанды облысы Нұра ауданының "Охотзоопром" инспекторлары ен далада киіктерді жойсатып, бауыздап тастаған броконьерлерді көріп, тоқтатуға талпынғанда қызметкерлерге шабуыл жасалған болатын. Табиғатты қорғау инспекторларының бірі Ерлан Нұрғалиев браконьерлер қолынан ауыр жарақат алып, Астана ауруханасында көз жұмды. Ал екінші инспектор жарақат алғанды. Ол жерде екі жол тағалмайтын көлікте 7 адам болған. Алайда, ішкі істер органдары үш күдіктіні ұстап, қалған төртеуі куәгер ретінде саналып отыр.

View this post on Instagram

Браконьерлердің қолынан қаза болған табиғат иснпекторы Ерлан Нұрғалиевтің достары елбасына үндеу жолдады. Онда инспектордың өліміне қатысты қозғалған қылмыстық істің әділ тергелуін және марқұмға ең жорғары марапат-Халық Қаһарманын беруді сұрады. Еске сала кетейік, қаңтардың 13 күні Қарағанды облысы Нұра ауданының "Охотзоопром" инспекторлары ен далада киіктерді жойсатып, бауыздап тастаған броконьерлерді көріп, тоқтатуға талпынғанда қызметкерлерге шабуыл жасалған болатын. Табиғатты қорғау инспекторларының бірі Ерлан Нұрғалиев браконьерлер қолынан ауыр жарақат алып, Астана ауруханасында көз жұмды. Ал екінші инспектор жарақат алғанды. Ол жерде екі жол тағалмайтын көлікте 7 адам болған. Алайда, ішкі істер органдары үш күдіктіні ұстап, қалған төртеуі куәгер ретінде саналып отыр. Дала иесі киелі киіктерді қорғаймын деп браконьерлердің қолынан ерлікпен қаза болған табиғат иснпекторы Ерлан Нұрғалиев көзі тірі болса бүгін 53 жасқа толар еді. Оның ауылдастары мен достары елбасына үндеу жолдап, марқұм Ерлан Нұрғалиевті ең жоғары мемлекеттік наградаға ұсынуды сұрап отыр. Сондай-ақ, оның өліміне қатысы бар деп ұсталған үш күдіктіге қатысты қозғалған қылмыстық істің әділ тергелгенін сұрайды. Айта кетейік, Ауыл шаруашылық вице-министрлігі Ерлан Нұрғалиевті қайтыс болғаннан кейін «Ерлігі үшін» наградасына ұсынғанды. Табиғат инспекторының өлімімен аяқталған бұл қанды оқиға бүкіл қоғамды дүрліктіргені мәлім. Жануарды қорғаймын деп қанды қол жауыздардың қолынан қаза болған инспектордың өлімі, заңсыз іспен айналысып жүрген талай браконьердің әрекетін әшкерлеуі тиіс дейді марқұмның достары. Ауылдастары марқұм Ерлан Нұрғалиевтің қасында болған әріптесі, жалғыз куәгер- табиғат испекторы Петр Ницыктан күмәнданып отыр. Соңғы 3 жылда осындай қылмыстық әрекеттердің салдарынан табиғатқа келтірілген залал мөлшері - 3,6 миллиард теңгені құрады. Тек 2016-2018 жылдардың өзінде 3 мыңға жуық киік атылған. Браконьерлердің қылмыстық әрекеті ұйымдасқан түрде және тұрақты сипат алуда.

A post shared by TDK42 (@telekanal_tdk_42) on

Дала иесі киелі киіктерді қорғаймын деп браконьерлердің қолынан ерлікпен қаза болған табиғат иснпекторы Ерлан Нұрғалиев көзі тірі болса бүгін 53 жасқа толар еді. Оның ауылдастары мен достары елбасына үндеу жолдап, марқұм Ерлан Нұрғалиевті ең жоғары мемлекеттік наградаға ұсынуды сұрап отыр. Сондай-ақ, оның өліміне қатысы бар деп ұсталған үш күдіктіге қатысты қозғалған қылмыстық істің әділ тергелгенін сұрайды. Айта кетейік, Ауыл шаруашылық вице-министрлігі Ерлан Нұрғалиевті қайтыс болғаннан кейін «Ерлігі үшін» наградасына ұсынғанды.

Табиғат инспекторының өлімімен аяқталған бұл қанды оқиға бүкіл қоғамды дүрліктіргені мәлім. Жануарды қорғаймын деп қанды қол жауыздардың қолынан қаза болған инспектордың өлімі, заңсыз іспен айналысып жүрген талай браконьердің әрекетін әшкерлеуі тиіс дейді марқұмның достары.
Ауылдастары марқұм Ерлан Нұрғалиевтің қасында болған әріптесі, жалғыз куәгер- табиғат испекторы Петр Ницыктан күмәнданып отыр.
Соңғы 3 жылда осындай қылмыстық әрекеттердің салдарынан табиғатқа келтірілген залал мөлшері - 3,6 миллиард теңгені құрады. Тек 2016-2018 жылдардың өзінде 3 мыңға жуық киік атылған. Браконьерлердің қылмыстық әрекеті ұйымдасқан түрде және тұрақты сипат алуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.