Жаңақала ауданында 30 жасар тұрғын пышақ жарақатынан мерт болды. Оқиға аудан орталығы Жаңақала ауылында орын алды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, 29-ы күні түнгі сағат 00.35-те бейтаныс адам өз көлігімен 1989 жылғы тұрғынды ауруханаға алып келген. Жігіт ота кезінде сағат 03.05-те қайтыс болды.«1986 жылғы ер адам аудандық аурухананың хирургия бөлімінде. Ол да пышақ жарақатын алған», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, кісі өлтіру қылмысына қатысты ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес іс қозғалып, күдіктілерді анықтау және ұстау бағытында жедел іздестіру шаралары жүргізілуде