БҚО көлікті мас күйінде айдайтындар азаймай отыр.Ішімдік ішіп көлік тізгіндеу бұл қоғам үшін қауіпті құбылыс.Себебі ащы суға сылқиып тойып алған адамның қандай әрекетке барары белгісіз.Күні кеше ғана Жаңақала ауданында көлікті мас күйінде басқарған бір азамат қолға түскен.Мұндай жағдай Ақсай қаласында да тіркеліп отыр.Ескерте кетейік көлік құралын мас күйінде басқару алдымен әкімшілік жауапкершілікке тартылады, ал егер нәтиже шықпаса қылмыстық іс қозғалады.2018 жылы көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 1229 адам жүргізуші куәлігініне айырылған.