0:00 / 0:00
БҚО ПД жеке құрамының полициялары аязды күні трасса бойында қалып қойған Қырғызстан азаматын құтқарып қалды. Күн аязда трасса бойында машинасы от алмай қалған азаматқа жол патрульдік полициясы көмекке келген.Сырым ауданына баратын жолда кезекшілік атқарып жүрген полиция қызметкерлері қырғыз азаматын аязды күні құтқарып қана қоймай, оның керек- жарағын түгендеп баратын бағытына жолға салып жіберген. БҚО ПД жол патрульдік полициясының өкілдері жолда қалған азаматқа көмек қолын созған. Автокөлік Мәскеу - Бішкек бағытында қозғалып келе жатқан.Сырым ауданына жетпей қасиетті Дәдем ата басында көлігінің жанар майы қатып қалып машина жүрмей қалыпты.Трасса бойында - 43 градус суықты көрсетіп тұрған.Қаттыы тонған азамат жылыну үшін машинаның дөңгелегін жағып, жылынбақшы болған.Осы мезетте көмекке жол бойындағы патрулдік полиция өкілдері келіп жеткен.Әбден тонып қалған азаматты жылытып, тамақтандырып, қалаға алып келіпті.
Машина далада үш күн тұрған, үш күн бойына жеке құрамның кезекші бөлімдері сол азаматқа көмек көрсетіп, машинасын жөндетіп,азаматты жолға салып жіберген.Қыс мезгілінде трасса бойында кезекшілік ететін полиция қызметкерлері шамалары келгенше жолда қалғандарға көмек қолын созатындарын айтады. " Жол бойындағы тәртіпсіздікті болдырмау, жолда қалған адамдарға көмек қолын созу біздің міндетіміз, осы міндетімізді барымызша атқарып келеміз" дейді.Қаңтар айы басталғалы далада қалып қойған бес адамға көмек қолын созған. Жалпы жол бойында қалып, көлігі сынған талайға жеке құрамның өкілдері үнемі қол ұшын беріп келеді.Жылына 1000 - даған адамға көмегі тиіп жүрген полиция өкілдерінің жақсылығын бірі білсе, бірі біле бермейді.