0:00 / 0:00
Бұдан тура 20 күн бұрын келген шығын шамамен 500 мың теңгеге жуық екені айтылған еді. Яғни бұл шығын қажетті техниканың құны болатын. Кейін қажетті компьютер мен принтердің бағасы бастапқы алған уақытпен салыстырғанда едәуір қымбаттап, бүгінде шамамен келген шығын 900 мыңнан асқаны белгілі болыпты.Қазір аталмыш кінәлі тарап қайта қалпына келтіру шараларының шамамен 50 пайызын аяқтаған.
Кәсіпкердің айтуынша алдымен жарамсыз болып қалған тапсырыстағы жиһаздар жасалады. Кейін қайтадан әдеттегі жұмысқа кірісілетін болады. Дегенмен кәсіпкердің қорқынышы әлі де басыла қоймаған. Өйткені аталмыш бұрылыста жиі жол көлік оқиғасы тіркеледі. Естеріңізге сала кетеміз аталған кәсіпорында сал ауруына шалыдыққан балалардың оңалтылуына қажетті бұйымдар да жасалады.