Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шекарадағы кептеліс

c 16:11, 21/01/2019 c 706

0:00 / 0:00

18 ші қаңтар күні «Сырым» бекетінің қазақстандық бөлігінде жүк көліктерінің кезекте тұрып қалуына байланысты 311 жүк көлігі тіркеліп, мониторингтен өткізілген. Сала мамандары кезектің көбеюіне жаңажылдық демалыстардан кейін жүк көліктерінің жиілей түскендігі де негізгі себептердің бірі дейді.Осы күні сағат 10.00-де «Сырым» бекетінің қазақстандық бөлігінде 62 жүк көлігінің кезек күтіп тұрғаны белгілі болды. Аталмыш мәселенің орын алуына жаңажылдық демалыстардан бөлек ауа райының қолайсыздығы да себеп болған көрінеді. Өйткені төтенше жағдайға байланысты халықаралық бағаттыағы бірнеше тас жолдар уақытша жабылғаны аян.Еске сала кетсек, бұған дейін күз мезгілінде де осындай мәселе болған еді. Маусым сайын қайталынып тұрған жағдайдың шешімі де бір жақты болар күн алыс емес секілді.Комитеттің экспорттық бақылау басқармасының мамандарының айтуынша, күні бүгін 37 автобекетте 277 адам жұмыс істейді.Оларға бірнеше міндет жүктелген. Біріншіден, комитет қызметкерлері экспорттық бақылауға жататын тауарларды қадағалайды. Екіншіден, баждың төмендетілген мөлшерлемесіне кіретін тауарларды тексереді. Ондай тауарларға 3 мыңға жуық өнім кіреді. Үшіншіден, Еуразиялық экономикалық одақ аясында тауарларды сату, жұмыстарды орындау және қызмет көрсету кезінде импортқа қосылған құн салығының толық түсуін бақылайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.