Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңындағы кезекті баспасөз мәслихаты мемлекеттік қызмет саласының қорытындысымен саласындығы өзгерістерге арналып, биылғы жылы қолға алынған жаңа жобаның жұмысына арналды. Сала мамандары баспасөз құралдарының өкілдері қойған сан сауалға жауап беріп, аталмыш қызметтің мөлдірлігі жолында атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарды саралап өтті.Күні бүгін облыс бойынша 450 мемлекеттік орган болса онда қызмет ететін мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны 4405 ті құрайды. Өткен жылы қабылданған 486 қызметшінің 317-сі сынақ мерзімінен сәтті өткен.Сонымен қатар өткен жылғы Елбасының қазақстан халқына Жолдауында өңірлерде жемқорлық деректерін жою мақсатында «Жемқорлықтан ада өңірлер» жобасын жүзеге асыру бойынша тапсырма жүктеген болатын. Осы орайда облыста «Ақжайық - адалдық алаңы» жобасысы 3 салада жұмысты қолға алып, әр сала бірнеше бағытты қамтуда. Мәселен медицина саласы бойынша әр емханада арнайы дүңіршіктер пайда болып қызмет сапасын бақылап отыруға мүмкіндік жасалуда.
Жалпы бұл жоба аясында болашақта қоғамдағы барлық жемқорлық дерегі бойынша жұмыстар атқарылмақ.