0:00 / 0:00
19 қаңтар православтық христиандар, ежелден келе жатқан крещение мейрамын атап өтеді.Бұл күні шіркеулерде ертеңгілік құлшылық жасалып, содан соң діни жоралғыға сай мерекеге жинылған жұртшылық өзенге барып, суға шомылады.Осы орайда төтеншіліктер алдын ала ескерту шараларын жасады.Православтық христиандардың нанымы бойынша бұл күнгі суда ерекше қасиет болады. Ол тіпті дертке дауа деген сеніммен суды бос ыдыс аяқтарға құйып сақтайды.Сондықтан суық суға қарамастан, діндарлар суға шомылып, барлық күнәларын жуып шаяды.Биылғы құдайға құлшылық жасау мейрамы сенбі күнге келуі себепті суға шомылатындар саны әдеттегіге қарағанда көп болады деген болжам да бар.Қыстың аязы енді ғана біліне бастағандықтан, судан құтқару мамандары қала тұрғындарына мұздың әлі де болса қалың қатпағанын ескертеді.Жайық және Шаған өзендерінде суға түсу жоралғысна арналған арнайы шомылу алаңшалар дайындалған.Сақтансаң сақтармын демекші төтеншеліктер сақтық шаралырын күшейттік дейді. Бірнеше техникамен құтқарушылдар сақадай сай. Мамандар болса жүрек қан тамырлар дертіне шалдыққандарға салқын суға түспеуге кеңес береді. Бұған дейінгі жылдары арнайы орындардар сағатына 2000-нан аса адам суға түскені белгілі болды. Ал сенбі күнгі құлшылық қылу шарасына одан да көп жұртышылық жиналады, деп есептейді төтеншеліктер.Сондықтан мұз үстінегі рұқсат етілмеген жерлерде адам көп тұрмауы және арнайы белгіден әрі аспаған дұрыс.