0:00 / 0:00
Өткен жылдың 31 мамыр күні 29-жасар Алексей Качулин кәріз құдығында лас суға тұнышшықан баланы құтқармақ болғанда өзі де өмірімен қоштасқан болатын. Соңында 3 баласы мен жесірі қалған Виктордың отбасы "атымтай жомарттардың" көмегінің нәтижесінде баспаналы болды.
5 жасар баланың жан айқайын естіген ер адам бірден құдыққа түскенімен екеуі де қыршыннан қиылып қос отбасы қара жамылды. Кейін Алексей отбасымен жалдап отрыған жатхана бөлмесінің иесі үйді босатуды өтінеді. Осылайша аңыраған сәбилермен жалғызбасты әйел айдалада қалады. Аталмыш оқиға мәлім болған соң еріктілер отбасыға көмек керек екені туралы ақпаратты жан-жаққа таратып екі айлық пәтер ақысын жинап берген еді.
ВИКТОРИЯ:
- Жолдасым қайтыс болған соң біздерге өте қиын болды. Өйткені бізді асырып отырған болатын . Балаларымның көз жасына орай жақсы адамдар кезгіп өол ұшын беріп баспаналы болдық. Маған жасаған жақсылықтарыңыз сіздерге еселеп қайтсын.
Қазір үш баласымен Виктория екі бөлмелі пәтерде тұрып жатыр. Оған үйлі болуға жомарт жандар көмек қолын созған.
Виктория:
- Біздің пәтеріміз 1-ші қабатта орналасқандықтан еденді жаңарту керек . Қазір қыс ызғар білінеді. Деседе өз үйім өлек төсегім. Деніміз сау болса жихаз алуды да жоспарлап отырмыз.
Викторияның бұл пәтері шамамен 5 млн,500 мың теңге тұрады. Ол бұл соманың көп бөлігін төлеп қойған. Енді не бәрі 150 мың теңге ғана жетіспей отыр. Ол бұл қаржыны қайткенде де табамын деп мақсат қойыпты.