Қардың қалың түсіне байланысты комуналдықтар күндіз-түні білек сыбана жұмыстануда. Қазіргі таңда Асан ауылында орналасқан полигонға ағылған жүк көліктерін көруге болады. Күніне бір қар тасымалдайтын темір тұлпар осы полигонға 30 мәрте келетін көрінеді. Сала мамандары қараша түскен ақ ұлпаның мөлшері соңғы екі жылға қарағанда 5 есе көп екендігін алға тартуда. Мәселен, 2016 жылы қараша мен қаңтарда жиналған қардың жалпы мөлшері 85 мың шаршы метрді құраса, биыл бұл көрсеткіш 200 мың шаршы метрге жуықтапты.