Су шаруашылығы мемлекеттік қолдауға ие. Соның бірі - ауыз су беруді субсидиялау жүйесі. Батыс қазақстан облысында ауызсу тарифтері 1 қаңтардан бастап төмендеді. Соның ішінде ауылдық жерлердегі ауыз су құны 40 теңгеге дейін арзандаған. Бүгінде ауыл халқы үшін ауызсу құнын арзандату үшін субсидия бөлініп отыр. Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы арқылы ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші де өскен.