0:00 / 0:00
Жаңа жылдан бастап қазақстандықтар коммуналдық тарифтердің төмендегенін байқайды. Елбасы тапсырмасынан кейін су, энергия, көгілдір отын мен жылудың бағасы 5 пен 15 пайыз аралығында арзандады. Мәселен «Батыс су арнасы» ЖШС сумен жабдықтау қызметі бойынша тарифті текше метріне 47,02 теңгеден 45,00 теңгеге, яғни 4,3 пайызға немесе 2,02 теңгеге арзандатып отыр.Бұдан бөлек суды бұру қызметі бойынша текше метріне 50,98 теңгеден 46,86 теңгеге, яғни 8,1 пайызға немесе 4,12 теңгеге төмендеді. Бұл «Жайықжылуқуат» АҚ энергия өндіруші ұйымының бағасының және электр энергиясы көлемінің төмендеуімен байланысты.«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ БҚӨФ газ тарату құбырлары арқылы тауарлық газды тасымалдау қызметі 1000 текше метрі үшін 3176,23 теңгеден 2929,21 теңгеге дейін төмендеді. Төмендеу 7,8 пайыз немесе 247,02 теңгені құрап отыр.«Жайықжылуқуат» АҚ жылумен жабдықтау қызметі бойынша уақытша өтемдік тариф 10,3 пайызға немесе 463,92 теңгеге арзандайды. Оның ішінде жылу энергиясын есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылыту ақысы 14,62 теңгеге түседі. Яғни текше метріне 127,9 теңгеден (бұрынғы баға – 142,52 теңге) есептеледі. Ыстық су үшін тариф 24,59 теңгеге арзандап отыр. Енді текше метрі үшін 215,2 теңгеден болады (бұрынғы баға 239,79 теңге). «Батыс Энергоресурсы» ЖШС электр энергиясын бөлшек саудада сату қызметі бойынша 10 пайызға немесе 1,15 теңгеге төмендеді. Яғни ендігі тариф 10,42теңге/кВт.сағатпен есептеледі. Бұдан бөлек тарифтер құнын түсіру бойынша мемлекеттен демеуқаржы қарастырылыған.Ал, төмендетілген тарифтер алдағы 3-5 жылдың көлемінде сақталады деп күтіліп отыр.