Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үсік шалуда...

c 16:33, 08/01/2019 c 1478

0:00 / 0:00

Кешелі, бүгін ауа температурасы күрт суытып аязда бірнеше адам қол аяғын  үсіріп алған.  Тіпті,  Ақсайлық ер азамат қар құрсауында қалған көлігін шығарып жүріп  аяғының домбығып кеткенін аңғармаған. Қазір өңірде сынап бағамы   жиырма  градустан түспей тұр.  Сол себепті дәрігерлер жылы киініп жүруді, шама келсе  жолға шықпауды ескертеді.Мәселен егде жастағы елуді еңсерген Ақсайлық Алексей жұма-сенбі күндері орын алған боранның салдарынан жолда қалған көлігін шығарудың амалынымен жүргенде аяғының үсігенін байқамай қалыпты. Оған бүгінде дәрігерлер алғашқы көмекті көрсетуде. Ота да жасалады дейді.

АЛЕКСЕЙ ХАЗИЦКИЙ,АҚСАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: -  Көлік сүйреп жүргенде аяғымның тоңғанын байқадым. Бірақ үсіп кетеді деп ойлаған жоқ едім. Аяғымда красовка болатын. Енді аяғыма ота жасаймыз дейді. Бірақ не үшін әлі белгісіз.

Соңғы 2 күннің ішінде ауа райының күрт өзгеруіне байланысты бірнеше  адамды үсік шалған. Тек екі адам ғана ауруханаға жатқызылған. «Көбісін бірінші және екінші дәрежелі үсік шалған.  Мәселен ауа райы -20 градус болғанымен, оның сезілу әсері одан да жоғары болады. Халыққа біріншіден жылы киіну керек дейді дәрегерлер.Әсіресе аязды күндері дәрігерлер балаларға сақ болған жөн дейді.  Өйткені қазір демалыс кезең болғандықтан балаларды үсік шалу қауіпі жоғары екен.Ең дұрысы жылы киініп, ұзақ жолға шықпау қауіптің алдын алудың негізгі алғышарты болып табылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.