Батыс Қазақстан облысында сенбі күні ақ түтек боран соғып облыс халықын әуреге салды. Табиғаттың тосын мінезінен жолға шыққан тұрғындар зардап шекті. ТЖ департаменті қызметкерлерінің күшімен қар құрсауынан 79 автокөлік шығарылды. БҚО ТЖ департаменті мамандарының таратқан мәліметіне қарағанда, барлығы 36 адам шығарылған. Олардың арасында балалар бар. Естеріңізге сала кетеміз жұма күні кешқұрым бірқатар маңызы бар жолдар жабылса, сенбі күні барлық бағыттағы қозғалысқа шектеу қойылған болатын.