0:00 / 0:00
Елбасы өткен жылы қазақстандықтарға арнаған жолдауында 2019 жылды жастар жылы деп бекітуге ұсыныс білдірген еді. Аталмыш ұсыныс үкімет пен бұқара халықтың қолдауына ие болып, президент арнайы жарлыққа қол қойды. Бұл жаңашылдық жастардың мұң-мұқтажын шешіп, жоқ-жітігін түгендеуге тапсырмас мүмкіндік болары сөзсіз.
Қай ел болмасын өскелең ұрпағы үшін алаңдап, оларды оқыту мен дұрыс тәрбиелеу үшін барын салады. Қазақ елі де тәуелсіздіктің тұтқасын ұстайтын жастарын оқытып, олардың бәсекеге қабілетті болуы үшін қолдан келгенді аянып қалған емес. Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап дарынды жастардың білім алу мен халықаралық тәжірбие жинақтауы үшін "Болашақ" бағдарламасын жасақтап, бүгінде мыңдаған жас шетелде білім алып, елімізде қызмет жасап жатыр. Бұл мемлекет тарапынан атқарылып келе жатқан жұмыстың бір көрінісі. Ал, былтырғы жылы Елбасы қазақстандықтарға арналған жолдауында 2019 жылды жастар жылы деп жариялауға ұсыныс білдіріп, тиісті жарлыққа қол қойғандығын білеміз. Биылғы жылы жастардың жетіліп, олардың жоқ-жітігін түгендеуге арналып отыр. Бүгінгі таңда облыс халқының 22 пайызға жуығын жастар құрайды. Биылғы жылы Ақ жайық жастарының жағдайын жақсарту үшін қандай жұмыс атқарылмақ?
Биылғы жылы жастар үшін қажетті инфраструктура мен ғимараттарды түгендеуден өзге ұшқұр ойлы әлеуметтік жобаларды жасақтауға ниетті жастарға қолдау көрсетілмек. Яғни, әрбір ақсап тұрған әлеуметтік салада жаңа қарқымен еңбектенгісі келетін жасқа арнайы қайтарымсыз негізде грант бөлінеді. Грант бір млн теңгені құрайды. Белсенді жастарды қаржымен қолдауға үкімет пен дүниежүзілік банк өкілдері қолдауға ниетті.
Ауыл жастарын қолдау мәселесі күн тәртібінен түспейтін сауал. Ауыл жастарының тасада қалмай, олардың дамып- жетілу үшін арнайы орталықтар ауадай қажет. Қазіргі таңда облыс көлемінде жастарға қызмет жасайтын сегіз коворкинг ашылып, жұмыстануда. Олардың басым көпшілігі ауылдық жерде орналасқан. Сондай-ақ, биылғы жылы түрлі тағдырдың тауқыметін тартып, түзету мекемелерінде жазасын өтеген жастармен де жұмыстану көзделіп отыр.