Батыс Қазақстан облысында дене тәрбиесі сабағынан кейін он жасар оқушы көз жұмды.Оқиға 25 желтоқсан күні қалаға іргелес Зеленов ауданы Асан ауылындағы мектепте болған.Осында 5-сыныпта оқитын бала дене тәрбиесі сабағы кезінде өзін жайсыз сезінген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, мектепке жедел жәрдем сағат 17.52-де шақыртылыпты.
АЙНАГҮЛ САҚПОСЫНОВА
БҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: - «Жедел жәрдем көлігі бес минуттан кейін жетті. 2008 жылғы баланың жағдайы өте ауыр болғандықтан, ол жақын маңдағы емдеу орны - қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер барлық жансақтау шараларын жасағанымен, баланың өмірін сақтау мүмкін болмады. Өлімнің себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.