БҚО Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген режимге көшеді.Жаңа жылдық мереке күндері қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында 29 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында барлық полиция қызметкерлері мен полиция бекеттері күшейтілген режимде жұмыс жасайды.Бұл дегенің сіз бен біздің тыныштығымыз бен қауіпсіздігімз үшін полиция өкілдері күндіз - түні кірпік қақпай сапта тұрады деген сөз.Осыған орай халық көп жиналатын орындарда, ойын - сауық ошақтарында патрульдер көбейтіледі.Халықтың қауіпсіздігін сақтау мақсатында осы күндері БҚО ішкі істер органдары қызметкерлері мен Ұлттық ұланның барлық сарбаздары бірігіп әрекет етеді деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.