Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Батыс жұрты Хамза Есенжановты ұлықтады

c 12:37, 27/12/2018 c 1426

0:00 / 0:00

Жайықтың бойын бойлай қоныстанған Батыс жұрты Хамза Есенжановты ұлықтады.Тірісінде халық жауы атанып, қудалауға ұшыраған "Ақжайық" трилогиясының авторы Хамза Есенжанов ақжайықтықтар үшін ыстық.Бір ғана романы арқылы осыншама танымалдылыққа ие болған жазушының тағдыр жолы жеңіл болды деуге келмейді.Бірақ өр рухты жазушы тағдырына мойымай елі үшін құнды дүниелер жазудан жалықпады.Биыл осы ұлы жазушының туғанына 110 жыл толып отыр. Әдебиет әлемінде "Ақжайық" трилогиясы арқылы ойып орын алған Хамза Есенжанов БҚО Сарыөмір ауылының тумасы. Аядай ауылдан шығып күллі Қазақстанды бағындырған заңғар жазушыны еске алу шарасы осы жазушының өз ауылында ұйымдастырылды.Жер -жерден жиналған жазушылар, ақындар алдымен жазушының басына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.Жазушының ауылы Шалқар көлінің жағасында.Телегей теңізге телініп жүрген осы көлдің жағасында туып өскен жазушының шабыты да теңіздей терең еді деді Хамза Есенжановтың шығармашылығмен таныс жандар.Зиялы қауым өкілдері мен БҚО әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов бұдан әрі жазушының өмір жолы мен шығармашылығынан сыр шертетін мектеп жанындағы мұражайдың жұмысымен танысты.Бұл жерде жазушының кітаптары, жазушы туралы естеліктер мен көзі тірісінде тұтынған заттары қойылған.
Туған ауылдың бәсі қашанда биік.Бүгін жазушының дәл туған күнінде Хамза Есенжанов атын иемденген мектепте шарадан тыс қалмады.Бұл мектепке жазушы Хамза Есенжановтың есімі 1975 жылы берілген.Қазір бұл жерде балалар жазушы атына лайық боламыз деп білім алып жатыр.Шалқар жағасында орналасқан осы бір шағын мектеп жазушы атымен аталады.Бұл мектепте оқитын бүлдіршіндер ел ертеңі, олар жазушы атына сын тимитіндей білім алып, ел азаматы болсақ дейді.
Хамза Есенжановтың 110 жылдығы негізінен облыс көлемінде тойланып, аталып өтіліп жатыр.Тек бүгінгі түйін шараны әдейі жазушының туған жерінде ұйымдастырған.Осы күні Сарыөмір ауылдық мәдениет үйінде жазушы Хамза Есенжанов атындағы кабинет ашылды.Бұл кабинетте ақынның шығармашылығынан, жан дүниесінен хабар беретін дүниелер қойылған.Ақынның жұмыс үстелін де осы жерден көруге болады.Әдебиет әлемінде өзіндік орыны бар зиялы қауым өкілдері бұл күні Хамза Есенжанов туралы естеліктер айтты.Мәдениет үйінде бас қосқан жергілікті тұрғындар мен ақын - жазушылар тағдырлы жазушының шығармашылығы туралы сөз қозғады.Кешке қатысқан БҚО әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов бүгінгі кешті былай деп қорытындылады.
Мәдениет үйінде БҚО қазақ драма театырының ұжымы Хамза Есенжановтың өмірінен сыр шертетін қойылым қойды.Қойылым барысында жазушының қилы тағдыры, махаббатқа адал жары туралы айтылады.Ал, түстен кейін айтыс ақындары Хамза Есенжановты жырға қосты.

 

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.