Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жолаушыға талас

c 17:08, 26/12/2018 c 1081

0:00 / 0:00

Әсіресе таңғы уақыт пен кешкі жұмыстан қайтар кезде қоғамдық көліктер желмен жарысып бір- бірінен оза шабатынын бәріміз де білеміз. Мұндай жағдайлардың соңы бір емес бірнеше мәрте қайғылы жағдаймен аяқталғаны да жасырын емес. Осы орайда құзыретті сала өкілдері жыл сайын қоғамдық көліктер қызметі үшін мемлекеттен демеу қаржы бөлінетінін, тіпті қазынадын биылғы жылы өткен уақыттарға қарағанда 4 есе көп қомаақты ақы бөлінгенін айтады.

АЙДАР МЕҢЕЕВ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: - Мәселен 2017 жылы қоғамдық көліктер қызметін жандандыру мақсатында 38 млн теңге бөлінсе, биылғы жылы 169 млн теңге қаржы қарасытырылды. Сонымен қатар биыл бірнеше бағыттағы маршруттар жаңартылып су жаға қоғамдық көліктер қызметке кірісті. Қосымша 4 бағыттағы маршруттарға электронды төлем карталары енгізілді. Алдағы жылы да қоғамдық көліктер қызметі жанданатын болады.

Ал жоғарыда көтерілген мәселені «Оралтехсервис» ЖШС мамандары да жоққа шығармайды. Тұрғындардың қоғамдық көлік қызметін тұтынатын уақыттарында жолаушыға талас болатынын да тілге тиек етті.

АЛЕКСАНДР БАКЛАН,"ОРАЛТЕХСЕРВИС" ЖШС ДИРЕКТОРЫ: - Бұл мәселені теріске шығармаймын. Қай қоғамдық көлік иесі болмасын ақша тапқысы келеді. Бұл мәселе жолдар жөндеу жұмыстарына байланысты туындап отыр. Мәселен көпірдің жабылуна байланысты 13 пен 35 қоғамдық көлік бірдей бағытта қатынап жүр. Бұрын олар екі бағытта қызмет еткен болатын. Сондықтан жолаушыға талас болуда. Алдағы уақытта бұл мәселе шешіледі деп ойлаймын. Ал субсидияға келер болсақ, биыл 15 қоғамдық көлік жарамсыз деп танылды. Ол бізге қосымша 18 млн. теңгеге шығын болды. Және мемлекетке 31 млн теңге салық төлейміз.

Естеріңізге сала кетеміз жылдың соңына дейін қоғамдық көліктер жұмысы сынға алынып рейдтік шаралары жүруде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.