0:00 / 0:00
Елбасының биылғы Қазақстан халқына жолдауында орта білім беретін мектеп оқушыларын сұранысқа ие мамандықтарға бағыттау қажеттігін баса айтты. Осы орайда Назарбаев зияткерлік мектебі әр оқушының дамуының жеке траекториясы дайындап жоспар бойынша бағдарлау жұмыстарын мектеп бағдарламасына енгізді. Кәсіби бағдарлау жұмысы оқушылар зияткерлік мектепке қабылданғаннан, яғни 7-сыныптан басталады. 7-8-сыныпта әр оқушының дамуының жеке траекториясы дайындалып әрі қарай жоспар бойынша бағдарлау жұмыстары жүзеге асады. Мәселен, бағдарлау жұмыстарының нәтижесі оқу жылының соңынан, түлектердің жоғары оқу орнына түсу көрсеткішіне қарап білуге болады,- дейді сала мамандары. Мәслен, 2017-2018 оқу жылы "Назарбаев зияткерлік мектебінен" 85 түлекті қияға ұшырса, олар 100 пайыз жоғары оқу орындарына түскен. Жыл бойы кураторлар, мектептің психология қызметі, кәсіби бағдар беру кеңесшісі оқушының бағытын анықтау мақсатында викторина, әңгімелесу, тақырыптық куратор сағаттарын өткізіп, тестілеу жүргізеді.Осы әдіс арқылы бала болашағының жарқын болуы жолында қызмет ету өте тиімді дейді сала мамандары.