Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

7 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін

c 16:56, 20/12/2018 c 460

Осыдан біраз уақыт кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар алкоголь өнімін жасөспірімге сатқаны үшін дүкен иесін 250 мың теңге пара беруге мәжбүрлеген 27 жастағы полиция капитаны Альфия Хабибуллина мен 20 жастағы лейтенант Әсем Найзабекова, Бақытжамал Есенәлиева дүкен иесінен ақша алу үстінде БҚО ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің қолына түскен еді. Орал қалалық сотының үкімімен А.Хабибуллина, Б.Есенәлиева және Ә.Найзабекова ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен лауазымды қызметкердің елеулі көлемде пара алуы) айыпты деп танылып, олардың әрқайсысына параның жетпіс еселенген мөлшерінде айыппұл салынды. Яғни олардың әрқайсысы сот үкімі күшіне енгеннен кейін  белгілі бір уақыт ішінде 17,5 млн теңгені төлеуі тиіс еді.  Егер сотталушылар айыппұлды төлемеген жағдайда бас бостандығынан айырылатыны туралы шешім шықан еді. Міне сол межелі мерзім ішінде төлнуі тиіс айыппұл төленбей оларға сот қайта үкім шығарды.

ГҮЛНАРА ГИМАДУТДИНОВА,ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

- А.Хабибуллина мен Б.Есенәлиева капитан, Ә.Найзабекова лейтенант шенімен қош айтыстысқаны аян еді. Олар соттың  белгілеген уақытта айппұлды төлемегендігі туралы ақпаратты сот орындаушы  бізге жеткізді. Нәтижесінде оларды 7 жыл бас бостандығынан шектеу туралы шешім шығарды. Үшеуінің де отбасы бар. Балалары бар. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.