Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында түстен кейін №22 автобус өз қызметін тоқтатты

c 17:35, 19/12/2018 c 558

0:00 / 0:00

Орал қаласында түстен кейін №22 автобус өз қызметін тоқтатты.Оған себеп осы автобусты жүргізетін жүргізушілердің наразылығы. Наразы болғанда олар кейбір еңбек нарығындағы шарттармен келіспейді.Сондықтан да жүргізушілер өзара бас қосып, басшыларына ойларын ашық жеткізуді жөн көріпті.Орал қаласында қатынайтын №22 автобус жолаушылар үшін ыңғайлы көліктердің бірі.Автобус қаланың орталығынан бастап шеткі аудандарына дейін қатынайды.Осынысымен де тұрғындар үшін қолайлы болып тұр.Күніне көшеге 25 автобус шығып халыққа қызмет көрсетеді.Бірақ бүгін көлікті басқаратын жүргізушілердің құлқы болмаған.Біреуі бастап жұмыстан кетуге арыз жазған, қалғандары қолдаған.Осылайша қала көшесіндегі барлық №22 қоғамдық көлік жұмысын тоқтатып, жүргізушілер өз басшыларымен бетбе -бет кездесуді жөн көріпті.Жүргізушілермен кездесуге келген автокешен басшылығы өз тарапынан ешқандай қысым жасалмағанын айтты.Жұмыстан кету туралы арызды жүргізушілер өздері жазып отыр дейді. Сонымен қатар авопарк басшысы бұл жерде жұмыс жасайтындар үшін барлық жағдай жасалғанын айтты.Мәселен, жалақылары уақытылы төленеді, қонақ үй бар, тіпті автобусты жуып беретін кешен де жұмыс жасап тұр деді.Бірақ жүргізушілер осы автобусты жуатындар үшін 1000 теңгеден ақша төлеп отырмыз деп шу ете қалды. Жүргізушілер барлық жағдайды басшылыққа айтып берді, бірақ басшылықтың жауабы дайын екен. 80 теңгелік жол ақы шығынды жаппайды деді.Ал, электронды билетті бәрі әділ болуы үшін енгізіпті.Ортаға келген басшыны жүргізушілер көпке дейін жібермей қойды.Олар өз ойларын ортаға салып жауап алуға тырысты.Бір бірің қолдап тұрғын ұжым ашулы көрінді.

Ал, аптопарк басшысы болса жұмыс жасағысы келмейтіндер кете берсін дегенді меңзеді.Ал, жүргізушілер болса, мәселеміз өз шешімін таппаса ертең де жұмысқа шықпаймыз деп отыр.

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.