Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Нақтыланған бюджет

c 11:58, 14/12/2018 c 692

0:00 / 0:00

Қалалық мәслихаттың депутаттары 2019-2021 жылдарға арналған шаһар бюджетін бекітті. Мәслихаттың 27-ші сессиясында сала мамандары биылғы жылы қаланың бюджеті 41,3 млрд теңгені құрап отырғандығын жеткізді.

Жыл қорытындысы бойынша қаланың бюджеті 41,3 млрд теңгені құрады. Сала мамандары 2018 жылға деп бөлінген қыруар қаржының басым көпшілігі әлеуметтік салаға бағытталып, жұмсалғандығын атап өтті. Алайда, бюджеттің қаржысына біраз өзгерістер де енген. Сондай-ақ, қалалық мәслихаттың депуттаттары келер жылғы бюджетті бекіткен еді. 2019 жылғы бюджет 39 млрд теңгеден басталмақ. Бұл биылғы көрсеткіштерге қарағанда 46 пайызға көп. Қаражат тұрғын үйлер салу, ауыз су тарту қоса, әлеуметтік салаға бағытталады деп жоспарланып отыр.

Мәслихаттың кезекті сессиясында сөз алған шаһар басшысы қала көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталды. Биылғы бюджет өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп. Қала әкімі бұл үрдісті облыс орталығында іске асып жатқан құрылыс жұмыстарының, жол салу мен аулалардың көптеп жөнделуімен түсіндіріп берді. Мәселен, биылғы жылы құрылыс үшін 10,2 млрд теңге бөлініпті. Бүгінде "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы 15 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталған. Олардың 3 пәтер кезегінде тұрған азаматтарға арналыпты. Оралдықтар үшін өзекті мәселелердің бірі жол. Аталмыш мәселе 2 жылдан бері біртіндеп шешімін тауып келеді. Екі жылдың ішінде қала аумағында 178 көшенің жолы жөнделген. Қазіргі таңда жақсы және қанағаттанарлық жолдың көрсеткіші 76 пайызды құрап отыр. Сондай-ақ, биыл аулаларды жөндеуге де ерекше көңіл бөлінгені белгілі.

2018 жылы қала игілігі үшін атқарылған жұмыстарды жіпке тізген шаһар басшысы мәслихаттың кезекті сессиясының депуттаттарды марапаттады.

Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.