Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Алимент қарыз емес, парыз!

c 11:51, 10/12/2018 c 622

БҚО бойынша 1 мыңдай бала алимент ала алмай отыр.Жауапсыз ата - аналардың бала алдындағы қарызы 76 млн теңгені құрайды. Бүгінде қоғамда жауаптан жалтарған ересектерге қатысты түрлі тәртіптік жазаны қолданылса да, алимент төлемей, жалтарып жүрген жандардың қарасы қалың. 2018 жылдың басынан 9,5 мың баланың пайдасына алимент өндіру туралы жеті мың жарым құжат тіркелген. Прокурорлық қағадалаудан соң, проблемалық құжаттардың саны 3,5 мың құжаттан 634 құжатқа дейін қысқарған. Тексерістен кейін, уәкілетті органдардың борышкерлерге қатысты шектеу қоймағандығы да анықталып отыр. Мәселен, сала мамандары 367 борышкер шетелге емін-еркін шыққан болса, 600 азамат көлік жүргізу құқығы шектелмеген, 900-ден астам тұлғаның мүлкіне тыйым салынбапты. Прокурорлар алимент төлемей жүрген жандар қылмыстық кодекстің 139 бабы бойынша жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.