Облыс орталығында жасөспірімдер арасында мылтық атудан жарыс ұйымдастырылды. Шараға қала мектептерінің оқушылары мен кәсіптік колледжде білім алып жатқан студенттер қатысты. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өткен шараға 170-тен астам жасөспірім ат салысқан. Жастарды мергендікке тәрбиелеуді көздеген сайыс барысында әрбір қатысушы 6 метр қашықтықта тұрып, винтовкамен нысанаға оқты дөп тигізуі керек еді.