Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тәуелсіздік шежіресі

c 19:52, 07/12/2018 c 982

0:00 / 0:00

Қазақ халқы тәуелсіздік алу жолында көптеген қиындықтарды бастан өткерді. Батырлардың қиын қыстау күнде ерлік жасауы, ұтқырлық танытып, кемел келешек үшін атқарған жұмыстары бүгінгі ұрпақ үлгі. Өткен ғасырда үлкен империяның құрамынан шығып, тәуелсіздігін жариялаған қазақ елі көптеген қиындықтарға тап болғаны мәлім. Ғасырлар бойы атадан балаға мұра ретінде ұлан- байтақ жері бар жас мемлекет болашағы үшін шекарасын бейбіт түрде бекітіп, дербестігін танытатын рәміздерін қабылдап, экономикасын дамыту керек еді. Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында арна тілшілері азат елдің өткерген қиындықтары мен ел тарихындағы ең маңызды даталарға тоқталмақ.

Тәуелсіздігін жариялаған жас мемлекеттің басты құжаты 1993 жылдың 28-қаңтарда қабылданды. 70 жыл бодан болған қазақ елінің конституциясы 4 бөлім мен 21 тараудан және 134 баптан тұрды. Алайда, араға жылдар салып азат елдің алғашқы ата заңына өзгерістер еніп, еліміздің басты заң құжатын қазақстандықтар референдум арқылы қабылдады.

Ел тарихындағы ерекше даталардың бірі- 1995 жылдың 1-наурызы. Елбасы бұл күні Қазақстан халқы ассамблеясын құру туралы жарыққа қол қойды. Еліміздің ерекшелігін ескере отырып қабылданған шешім бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеп отыр.

Тәуелсіздіктің алғашқы он жылдығында қабылданған маңызды шешімнің бірі-астанамыздың Алатаудың баурайынан Арқаға көшірілуі еді. Өлке тарихын түгендеп жүрген Сайлау Хамитұлы тарихи оқиғаның мән-маңызына былай деп тоқталды.

Күн сайын сәулеті артқан Астанамыз биыл 20 жылдық мерейтойын кеңінен атап өтті. Бүгінде тәуелсіз Қазақстанның елордасы әлем мойындаған сұлу астаналардың қатарында. Небары жиырма жылдың ішінде мыңдаған қазақстандықтың құтты қонысы болып, тәуелсіздік пен бейбітшіліктің ерекше символына айналды. Бұның баршасы мыңдаған жанның қанымен, көз жасымен келген- тәуелсіздіктің арқасы. Бүгінде азат қазақ елін әлемнің барлық елі танып, түрлі этностың атамекеніне айналғаны үшін таңдай қағып, үлгі тұтып отыр.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.