0:00 / 0:00
Бұл балабақша 2015 жылы ашылған. Қазір осы балабақшаның арқасында 5 адам жұмыспен қамтылып отыр. Бұл жерде 20 шақты бала тәрбиеленеді. Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру: " бағдарламасы аясында баларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұлттық дәстүр туралы шаралар жиі өтіп тұрады. Балаларға асық ойнау, бесікке салу секілді салт-дәстүр түрлерінен ауыл ақсақалдары көріністер көрсеткен.
Қазір бұл жердегі балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі. Олармен жұмыс жасайтын бес тәрбиеші бар. Маргарита Лагун - жас маман. Осы жерден өзіне қызмет тапқан.
Бұл - «Аяна» балабақшасы. Ақжайық ауданы бойынша алғашқы болып ашылған жеке балабақша .