Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ескертпені ескермегендерге айыппұл салынады

c 16:01, 05/12/2018 c 821

0:00 / 0:00

Оралда өздеріне тиесілі аумақтарды таза ұстаудан жалтарған кәсіпкерлерге 2 миллион теңгенің үстінде айыппұл салынды. Қазір қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары мен жергілікті полиция қызметі дүкендер мен дәмханалардың және кеңсе ғимараттарының иелеріне айналасын қардан тазартуға міндетті екендігін ескертті. Кәсіпкерлер өздеріне тиесілі аумақтағы ақ ұлпаны аршуға немқұрайлы қарамауы тиіс. Егер енжарлық танытқан жағдайда, шағын және орта бизнес объектілеріне – 30, ал ірі компанияларға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

ДАНИЯР РАХИШЕВ, ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ПБ ЖПҚ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:- Ескертуді орындамаған кәсіпкерлер ҚР ӘҚ кодексінің «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» туралы 505-інші бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бүгінге дейін ЖПҚ қызметкерлері 1295 хаттама толтырып, жалпы 1,7 млн. теңгеге айыппұл салынып, оның 1,1 млн. теңгесі өндірілды.

Осы орайда қалалық кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері қарды қала сыртына шығаруға кәсіпкерлердің өздері жауапты екенін ескертті. Ескерту парақтарына сәйкес 10 күн ішінде қарды шығарулары керек.Бүгінде жол пайдалану кәсіпорнының 300-дей қызметкері мен 100 шақты техникасы қала көшелеріндегі қарды тәулік бойы тазартуға кіріскен.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.