Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Вице-министр цифрландыру жұмыстарымен танысты

c 18:55, 29/11/2018 c 693

0:00 / 0:00

Үкімет басшысының орынбасары Елбасы жүктеген тапсырманың қалай орындалып жатқанын білу үшін арнайы облыс орталығына табан тіреді. Вице-премьер Асқар Жұмағалиев іс-сапар барысында аралаған нысандардың бірі қалалық әкімдік ғимараты. Аталмыш нысан жаңа форматта, халыққа қызмет көрсету орталығы секілді жұмыс жасап жатыр. Облыс орталығына келген үкімет басшысының орынбасары өңірдегі шенеуніктерге цифрландыру ісін ширату мақсатында тағы қандай тапсырмаларды жүктеді? 

Соңғы бір-екі жылда қала әкімдігі жанынан елдің игілігіне жаңа жүйенің жұмыс жасай бастағаны белгілі. Ол "Ашық әкімдік" деген атауға ие болды. Бүгінде әрбір бөлім мамандары дәл осы жерде тұрғындар тарапынан туындаған сауалдарды шешуге белсене қызмет етуде. "Ашық әкімдік" жобасының ең басты артықшылығы көптеген қызмет түрлерінің электронды үлгіге көшірілгендігі. Бұл өз кезегінде жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты азайтып, мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз етіп отыр. "Ашық әкімдіктің" жұмысымен танысқан Асқар Жұмағалиев осы бағытта Астана қаласында іске асып жатырған тәжірбиені де қолданып көруге шақырды.

Елбасының "Цифрландыру" бағдарламасы бүгінде барлық салаларда жаппай іске асырылып жатыр. Соның ішінде білім беру саласы сандық форматқа көшуде көш басында келеді. Елдің әр өңірінде "IT" сыныптар көбеюде. Соның бірі биылғы оқу жылында шаһардағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп лицейінде ашылды. Лицей ұжымы цифрландыру жүйесіне қалай үйренісіп жатыр?
Оқушылардың жан-жақты дамып-жетілуіне жаңа ақпараттық технологиялардың да көмегі зор. Мәселен, оқу ордасының кітапханасында әркім өзіне керек кітабын электронды түрде тіркеп, оқып, таныса алатын мүмкіндікке ие.

Білім ошағының оқушылары қазір әрбір сабақ бұрынғыға қарағанда қызықты да мазмұнды өтетінін жеткізді.

Цифрландыру полицияларлардың да жұмысын жеделдетіп, жеңілдетуде.  Ішкі істер департаментіне қарасты жедел басқару орталығы жаңа ғимаратқа қоныс аударған. Бұл ғимараттан қала көшелеріндегі бейнебақылау құрылғылары қалтқысыз бақыланады. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында нысанға жуырда көлемі 16/9 см болатын үлкен монитор орнатылмақ.
Сондай-ақ, вице-министр аталған орталықта 112 қысқа нөмірімен танысты. Азаматтар бұл нөмірге шұғыл көмек керек болған кезде хабарласып, жедел жәрдем, өрт сөндіру, полиция мен газ саласы қызметкерінің көмегіне жүгіне алады.

Сала мамандары жаңа жоба келер жылдың қаңтарынан бастап қолданысқа енетіндігін жеткізді. Азаматтарға қолайлы болу үшін 112 нөмірімен қоса, барлық құтқару саласының қысқа нөмірлері де бірге жұмыс жасамақ. Облыс орталығында елбасының тапсырмасына сәйкес іске асып жатқан цифрландыру жүйесінің аяқ алысын қарап, тексерген вице-министрдің іс-сапары конференциямен жалғасты.

Оператор: Айболат Жагыпар
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.