Оралдық заң факультетінің студенттері сот процестерін ұйымдастыруда. Ғаламдық жемқорлыққа күрес күніне орай, ҚазИИТУ-дің қабырғасында сот процесі болды. Сынып арнайы сотқа қажетті барлық дерлік құрал-жабдықтармен жабдықталған. Шараға қатысқан әрбір студент, судья, қорғаушы мен мемлекеттік айыптаушының рөлін сомдауға мүмкіндік алды. Арнайы сценарийге сәйкес, күдікті пара бергені үшін сот алдында жауап беріп жатыр. Студенттердің қойылымын заң саласында қызмет жасап жатқан мамандар бақылады.