0:00 / 0:00
Орал қаласында "Қазақтың ұлттық коды - төл жазу" деген тақырыпта халықаралық конференция өтті.Конференция жұмысына республиканың түкпір - түкпірінен тіл ғылымының майын ішкен атақты ғалымдар шақырылған. Бұдан бөлек Әзірбайжан, Өзбекстан секілді түркітектес елдердің тілші ғалымдары да қатысып, жалпы түркі жұртына ортақ әліпби мәселесіне қатысты ойларын ортаға салды. Конференция жұмысын ашқан БҚО әкімінің орынбасары "Қазақ әліпбиін латыншаға көшіру" мәселесіндегі маңызды жайттарға тоқталды.Түркі әлеміне ортақ әліпбиді қолданудағы ерекшелік те сол түркі бауырлармен ортақ әліпби құру, ортақ кеңістік қалыптастыру.
Ғылыми конференцияға қала мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, өзге аймақтардағы басқарма басшылары, зиялы қауым өкілдері түгел қатысып жатыр.Бүгінгі жиында қазақ әліпбиін латынға көшіру барысында бастысы қазақша таңбалардың дұрыстығын қадағалу мәселесі айтылды.
Қазақстан латынға 2025 жылы көшеді деп жоспарланып отыр.Ал, бізден бұрын латынға көшкен елдердің ғалымдары өз тәжірибелерімен бөлісті. Айта кетейік конференция барысында латынша жазылған әдебиеттер топтамасынан кітап көрмесі ұйымдастырылып, қонақтар көрмені де тамашалады.