Бүгін облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары жыл басынан бері заңсыз өзен жағалағандардан тәркеленген сүзу құралдарының көзін жойды. Жалпы жыл басынан бері 21 рейдтік шара ұйымдастырылыпты. Өзен жағалағанның өзегі талмас деген. Алайда судағы тіршілік иелерін жойып алмау үшін балықшылар арнайы тәртіппен жене белгіленген аумақта ғана балық аулауға рұқсат алады. Алайда табиғат қорғаушылар заңсыз балық аулағандар қатары уақыт өткен сайын көбейіп барады дейді. Құзыретті орган өкілдері броконерлерден тәркіленген дүниелерді жою, олармен күресу жұмыстарын жандандыратына сенімді.«Жыл сайын ұйымдастырылатын мұндай шараның басты мақсаты – балықтардың Жайық өзенінен Каспий теңізіне кедергісіз өтуін қамтамасыз ету».