0:00 / 0:00
Алдағы 3 күн облыста қар аралас жаңбыр жауады деп болжайды синоптиктер, ал кеше түнгі уақыт 11-ден таңғы 9-ға дейін Атырау-Орал бағатындағы тас жол қолайсыз ауа-райына байланысты жабылған болатын. Төтенешеліктер болса смс хабарламаны ескермей жолға шығу өмір үшін қауіпті дейді.
Орал-Атырау бағытындағы тас жол ымырт түсе жабылғанымен, таң сәрісімен қайта ашылды. Өйткені түн қараңғысында қар аралас жаңбыр жауып тайғақ қаупі төнген болатын.
Ал синоптиктер болса алдағы сәрсенбіге дейін қар аралас жаңбыр жауып атмосфералық қысым жоғарылайды десе, бейсенбіден бастап температура қайта түсетін көрінеді. Сол себепті тас жолдар қайтадан жабылуы бек мүмкін.
Мамандардың айтуынша ең суық күн 1953 жылы 26 қараша күні тіркелсе, ең жылы ауа-райы 2010 жылы 9,3 градус жылы болған екен.