0:00 / 0:00
Ұлы Отан соғысының ардагері, ұстаз Иван Георгиевич Кувшинов 99 жасқа толды. Ел үшін айқасқан жауынгер соғыстан соң, шаһарымызда жаңадан ашылған №3 мектепте мұғалім болып қызмет жасаған. Қиын кезеңді бастан кешкен батыр өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіне ат салысып, талай оқушыға дұрыс бағдар көрсетіп, өмірде өз орынын табуға жәрдемдескен.
Ақжайық өлкесі өмірін қатерге тігіп, елін жаудан қорғаған жауынгерлерден кенде емес. Ел қорғаған батырлардың бірі жаудың қолынан қаза тапса, ал аман қалған азаматтар қиын кезеңде ел үшін қызмет жасап, Отан үшін еңбектенуін тоқтатқан жоқ. Ел үшін қызмет жасаған жандардың бірі -Иван Кувшинов. Бүгінде 99 жасқа келген қария сұрапыл соғыстан соң, шәкірт тәрбиелеп, мектепте еңбек еткен.
Қиын кезеңді бастан кешкен ардагер ұстаз, соғыстан кейінгі жылдары құрылған №3 мектептің қабырғасында математика пәнінен сабақ берген. Ұстаздың шәкірттері ғылым жолын қуып кандидат атанып, өмірде өз орынын тапқан.
Көп жылдан бері мектепте қызмет жасаған ұстазды туған күнімен құттықтап келген меймандардың қарасы қалың.